New UNIX/Linux пайдаланушыларға - мұнда
Russian
KazWin

KazWin дегеніміз - Windows XP, Windows 2000,  Windows NT 4.0, Windows Me, Windows 95, Windows 98, Windows 3.xx операциялық жүйелерге қазақша және бір қатар басқа да кеңейтілген кириллицаны қолданатың, айталық - қырғыз, тыва, бурят, монғол тілдерді қолдану мүмкіндігін қосатын программалық жасауы.

Назар аударыңыз! KazWin шын UNICODE кодировкасын негіздейді, яғни Windows XP мен үйлесімді. Өкінішке орай Қазақстанда түрлі жалған-Unicode кодировкаларды негіздеген біраз қаріптер (шрифттер) мен қазақшалау драйверлері кең тарап кеткен. Бұл шиеленесіп кеткен жағдай жәйлі мынау парақтан оқи аласыз - (мінекейіңіз) . Дұрыс емес кодировадағы кұжаттарды жөн кодировкасына аударып беретін программалық жасауларды да сол парақтан көшіріп алуға болады. Осы 3.00 версиядан бастап KazWin жаңа Қазақстандық 8-биттік ҚР СТ 1048-2002 кодтама стандартты жүзеге асырады.

Қазір жасаудың мынау түрлері көшіріп алуға әзір:
      Windows XP/2000/NT4.0-ке арналған ( KazWinNT.exe, 0.97 Мб), версиясы - 3.00,
      Windows Me/98/95-ке арналған
( KazWin9x.exe, 0.99 Мб), версиясы - 3.00,
      Windows 3.xx-ке арналған (
KazWin3x.exe, 838 Кб ) - бұл да 3.00 версия.

Сізге қажет өзін-өзі ашатын архив түрдегі KazWin-ның инсталляторын таңдап көшіріп алыңыз. Орнату және іске қосу тәртібін, архивты ашқасын, !readme!.txt және kazwin.hlp файлдарынан оқи аласыз. Тарату тәртібі мен жөн-жобасы да сол файлдарда түсіндірілген.

Ескерту. Орнату тәртібін readme!.txt файлдан мұкият оқып алыңыз!
Ескі KazWin-ның версиялар қажет болса - оларды мынау сілтемеден таба аласыз:  ftp://sci.kz/pub/kazwin

Версиялардағы жаңалықтар - мінекей. (әлі орсысша)
Қазақстандық перенетақта сәйкестіктері туралы оқи аласыз: міне. (бұл да орысша)
"Қазақ тілінің веб-сайттардағы кодировкасы туралы" (бұл да...)

MS-DOS-қа (мұндай дүниені әлі ұмытпасаңыз) арналған қазақшалау жасауымыз да бар еді (old! kkr.exe, 53 килобайт)

Істеріңізге сәт!



Автордың парағына ауысу...