Қазақша KDE


KDE (K Desktop Environment) жүйесі қазақ тіліне аударылып жатыр. Қазақ тілі KDE-ге 3.5.3 нұсқасынан бастап кірді. Сіз қолданып жүрген Linux/UNIX дистрибутивіңіз жаңа болса, мүкін оның құрамындағы KDE-нің нұсқасы >3.5.2 болып, қазақшалау дестесі бар да шығар. Бар болса, оны дистрибутивіңіздің тәртібімен орнатып алыңыз. Әлде, соңғы шыққан KDE 3.5.7 нұсқасының қазақшалау дестесін жүктеп алыңыз, ол мінекей:
kde-i18n-kk-3.5.7.tar.bz2

Ал ең соңғы, KDE 3.5.6 нұсқасына да кірмеген аудармаға ие болам десеңіз, оны мынадан жүктеп алуға болады:
kde-l10n/kde-l10n-kk.tar.bz2

Бұл дестені орнату тәртібі міне ('#' деген жүйенің шақыру белгісі):
1) Терминалды ашып, root болыңыз.
2) Дестені тарқатыңыз:
#bunzip2 kde-l10n-kk.tar.bz2
#tar –xf kde-l10n-kk.tar
3) Тарқатқан қапшықтың атын қараңыз. Ол kde-10n-kk-XXXXXX түрінде болады. ХХХХХХ деген (SVN нұсқасының) бір нөмірі.
#dir
4) Тарқатылғанда пайда болған қапшыққа кіріңіз:
#cd kde-10n-kk-XXXXXX
5) Дестені орнатуға дайындаңыз:
#./configure
6) Дестені компиляциялаңыз:
#make
7) Енді дестені орнатыңыз:
#make install
8) Бәрі де тегіс өтсе, болды, қуаныңыз.

Енді KDE-ні қазақ тіліне аустыру керек. Бәлкім, ол әлі ағылшын тілінде шығар (әлде орысша ма, ә?). Ол үшін KDE-де 'Start->Control Center', содан кейін 'Regional & Accessibility->Country/Region & Language' ("ә" болса: 'Пуск->Центр управления', 'Региональные и специальные возможности->Страна/область и язык') дегенді ашып, 'Add language' ('Добавить язык') батырмасын басып, 'Kazakh' ('Казахский') деген тілді таңдап алыңыз. 'Тілдер:' деген өрістен өзге тілдерді өшіріп тастасаңыз, жүйеңізде аудармасы бар жазулар қазақша болып, әлі аударылмағандар ағылшын тілінде көрсетіледі. Ол тізімде қазақ тілінен кейін басқа бір тілді қойсаңыз, қазақшасы жоқ жазу сол екінші тілде көрсетіледі, ал сол екінші тілге аударылмағандар ғана ағылшын тілінде болады.

KDE-ні қазақ тіліне аудару жобасында қолданылып жүрген глоссарий (арнаулы терминдер сөздігі) міне: kk_kde_gloss.txt
Бұл сөздікке жобада кездескен терминнің аудармасы, тағы кездескен жағдайда жоба бойы бірыңғай болсын деп
енгізіледі.

Жоғары парағына ауысу...